Өнер • 19 Сәуір, 2021

Ақтоты Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты

48 рет көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова белгілі актриса Ғазиза Əбдінəбиеваның отбасы мен туыстарына  көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Ғазиза Мəкешқызы Əбдінəбиеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Пейілі дархан Ғазиза апамыз саналы ғұмырын бекзат өнерге арнап, мағыналы тірлік кешті. Ұзақ жылдан бері театр жəне кино саласында талай тартымды образдарымен талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ғазиза Мəкешқызы түскен «Тоғысқан тағдырлар», «Саранша» сериалы мен «Қауын», «Біржан сал», «Айналайын» жəне тағы басқа фильмдер қазақ кинематографиясының алтын қорынан ойып тұрып орын алды.

Жайдары мінезді, ортасына сыйлы болған өнер майталманының асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.

Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Соңғы жаңалықтар

Амманға аттанды

Спорт • Кеше

Қадір түнінің қасиеті

Руханият • Кеше

Алматы қаласында жер сілкінді

Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Ұқсас жаңалықтар