Полицияның деректеріне сүйенсек, Триатлон саябағындағы шамдарды екі ай бойы көше және саябақ жарығына жауапты ЖШС-нің үш қызметкері ұрлап келген. Олар түнгі уақытта саябақ аумағына кіріп, екі метрлік бағаналарға шығып, шамдарды бұрап алған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген шығын соммасы шамамен 8 миллион теңге.
«Түнгі уақытта тұрақты түрде саябақ аумағына кірген қызметтік автокөлік құқық қорғау органдарының қызығушылығын тудырды. Ұрлық жасады деген күдікпен полицейлер ЖШС-нің 32,49 және 50 жастағы үш қызметкерін ұстады. Анықталған дерек бойынша «Ұрлық» бабымен іс қозғалады. Қылмыстық іс тұрғысында заттай дәлелдемелер сатып алушыдан ішінара алынатын болады», делінген хабарламада.
Гаухар ҚАПАШ