Аймақтар • 19 Сәуір, 2021

Тұғыл тұрғындары балықшының мәйітін судан шығарды

2117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тарбағатай ауданы, Зайсан көлінде Тұғыл кентінің тұрғындары суға кеткен екінші балықшының денесін тауып, судан шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұғыл тұрғындары балықшының мәйітін судан шығарды

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 20 қарашасында балық аулауға шыққан екі ер адам үйлеріне оралмады. 26 күн ішінде құтқарушылар, сүңгуірлер іздеу жұмыстарын жүргізгенімен, нәтиже бермеді. 2021 жылдың 16 сәуірінен бастап ШҚО ТЖД күштері іздестіруді қайта бастады. Сол күні-ақ құтқарушылар суға батып кеткен 1981 жылғы ер адамның денесін тапқан.

Соңғы жаңалықтар