Парламент • 19 Сәуір, 2021

Палата отырысының күн тәртібі бекітілді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Бюро мүшелері ағымдағы жылдың 22 сәуірінде өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Осылайша, депутаттар Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау бойынша заң жобасын қарайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Палата отырысының күн тәртібі бекітілді

Отырыстың күн тәртібіне Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы да енгізілді. Оның қабылдануы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тәртібін белгілеуге, сондай-ақ екі ел арасындағы қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылды арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Бұл шартта құзыретті органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі, сұрау салудың шарттары, нысаны мен мазмұны, ақпарат алмасу, сотталған адамның транзиті және сотталған адамды беруге байланысты туындаған шығындарға байланысты нормалар көзделген.

Сонымен қатар, Бюро мүшелері Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобаларын тұрақты комитеттер арасында бөлді.

Соңғы жаңалықтар