Әлем • 19 Сәуір, 2021

Израиль «бетпердесін шешті»

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль билігі маска тағу режімін алып тастады. Енді ашық аспан астындағы нысандар мен көшелерде бетпердесіз жүруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Израиль «бетпердесін шешті»

Жарлыққа денсаулық сақтау министрлігінен Хези Леви қол қойды. Шешім коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеп, халықты вакцинациялау науқаны сәтті өтіп жатқанына байланысты қабылданды. Израильде Pfize/Biontech вакцинасына құқығы бар, 16 жастан асқан тұрғындардың шамамен 81 пайызы екі дозаны да алған. Бұл елдегі вирус жұқтыру дерегінің күрт төмендеуіне әкелді.

Дегенмен маска тағу режімі жабық нысандарда қатаң сақталады. Сонымен қатар, Израиль денсаулық сақтау министрлігі өкілдері көшедегі жиналыстарға қатысқан кезде, немесе топтасып жиналғанда тұрғындарға маска тағуды ұсынды.

Шетелдіктердің елге кіруі әлі де шектеулі, ал шетелден оралған бірақ вакцина салмаған израильдіктер карантинге жіберіледі.

«Қазір пандемиядан шығу шаралары бойынша бүкіл әлемнен озып келеміз. Дегенмен әлі де коронавирусты толықтай жеңдік деп айта алмаймыз. Қайтып оралуы да мүмкін», деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Гаухар ҚАПАШ