Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз балық аулап жүрген қаскөйлердің жолын кесу ғана емес, сондай-ақ бұрын жасалған экологиялық қылмыстарды ашуды да көздейді. Биылдың үш айында табиғатты қорғау полицейлері балық ресурстарын сақтау мақсатында 320 рейдтік өткізсе, оның 239-да экологиялық құқық бұзушылық анықталған.
Нәтижесінде 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 229-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері заңсыз ауланған 6 мың келі балық тәркіленіп, мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтірілгені анықталды. Ал соңғы төрт күн ішінде облыста 66 құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз балық аулаған 64 балықшыға жалпы сомасы 1 млн. 044 551 теңге әкімшілік айыппұлы салынды.
Айта кетерлігі, 18 сәуірде «Омбы-Майқапшағай» тас жолының 914 шақырымында патрульдік полиция ротасының инспекторлары патрульдеу кезінде «Chevrolet» маркалы автокөлігі тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде тиісті рұқсат құжаттары жоқ 6 қап шортан балығы табылған. Жалпы шығын 198 000 теңгені құрады. Бұл факті бойынша Семей қаласының 54 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 339-бабы және 389-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал «Нерест-2021» жедел алдын алу шарасы Шығыс Қазақстан облысының аумағында 30 мамырға дейін жалғасады.