18 сәуірде Қазақстанда 18 адамда COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бір тәулікте 30 адам коронавирустан және үшеуі пневмониядан қайтыс болды.
20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 13 836 науқас стационарда, 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 663 адамның жағдайы ауыр;
• 176 науқастың жағдайы өте ауыр;
• 96 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.