Қоғам • 20 Сәуір, 2021

Ақсуда балаларын сабаған тұрғын заң алдында жауап беретін болды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы, 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсуда балаларын сабаған тұрғын заң алдында жауап беретін болды

– Полиция қызметкерлері Ақсу қаласының тұрғыны М.Әуезов көшесіндегі алаңда кәмелетке толмаған екі баласына дене жарақатын салғанын анықтады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ер адамның екі тегіс ұңғылы қаруы бар екенін анықтап, тәркіледі, - деді Ақсу қаласының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдын Жүнісов.

Қару Ақсу қалалық полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі тобына тапсырылды.

Полиция қызметкерлері ер адамға қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі (азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, ҚР аумағына әкелу және ҚР аумағы арқылы транзиттеу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғады.