20 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтанда жеке тұрғын үйден өрт шықты

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы оңтүстік-шығыс шағын ауданында жеке тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда жеке тұрғын үйден өрт шықты

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша өрт таңғы 08:46-да ауыздықталған.

«Сағат таңғы 7:30 шамасында Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне оңтүстік-шығыс ауданындағы екі қабатты үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар келді. Шамамен 70 шаршы метр аумақты өрт шарпыған. Үй иесінің айтуынша өрт болған сәтте үйде ешкім болмаған. Зардап шеккен ешкім жоқ.», деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз өкілі.

Гаухар ҚАПАШ