Қоғам • 20 Сәуір, 2021

Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары бойынша қылмыстық топ жалған доллар жасауға маманданған. Олардың доллар сақтау және сатумен айналысқаны белгілі болды.

«2020 жылғы тамызда жедел-іздестіру шаралары кезінде Алматы қаласы аумағында жалпы сомасы 4 200 доллар болатын 42 дана 100 АҚШ долларын сатумен айналысқан екі адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленіп, ұсталды. Сот үкімімен айыпталушылар ҚК-нің «Жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, өткізу немесе сату» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды», делінген хабарламада.