Кейінгі бір ай көлемінде Меркі, Жуалы және Сарысу аудандарының әкімдері ауысты. Ал, осы уақытқа дейін облыс әкімінің орынбасары болып келген Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі орнына жайғасса, соңғы кезде Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ал, бүгін өңірде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен екі бірдей басқарманың басшылары тағайындалды. Ұзақ уақыттан бері бос тұрған облыстық туризм басқармасының басшылығына Жалғас Мұртаза келді. Ол осы уақытқа дейін облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы болып істеген. Сонымен қатар, 2018 жылдан бері Қордай ауданы әкімінің орынбасары болып келген Ерлан Орынбаев бүгін облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.