Білім • 20 Сәуір, 2021

Асхат Аймағамбетов біліктілікті арттыру бағдарламаларын жаңартуды тапсырды

70 рет көрсетілді

Білім және ғылым министрі педагогтердің біліктілігін арттыру ісінде жаңартулар енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біліктілікті арттыру жұмысындағы басымдықтарды өзгерту керек. Бұл айдан анық. Біріншіден, соңғы жылдары пән бойынша курстар өте аз өткізілді. Көбінесе біз әдістеме бойынша, басқа курстарды өткіздік. Бірақ пән бойынша курстар өте аз өткізілді. Сондықтан қазір бізден педагогтер пән бойынша курстар өткізуімізді сұрап отыр», деді министр ведомствоның аппарат мәжілісінде.

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов біліктілікті арттыру бағдарламасын жаңартып отыру керектігін мәлімдеді.

«5 жылда бір рет қана өткізілетін ақысыз курстармен мұғалімдерді толық қамти алмай отырмыз. Сондықтан бұл мәселені де шешуіміз керек. Жаңа ғана әріптестеріміз айтты, бағдарламаларды толығымен жаңарту керек. Бір бағдарламамен бірнеше жыл жұмыс істеуге болмайды. Онлайн тізілімді қалыптастырып, барлық бағдарламаларды орналастыру қажет. Ол мұғалімдерге де жалпы қоғамға да қолжетімді болуы керек. Нені үйретіп жатқанымызды, қандай бағдарламалармен үйреніп жатқанымызды білулері тиіс», деді ведомство басшысы.

Министр қашықтан оқыту бойынша жиналған тәжірибені біліктілікті арттыру ісінде пайдалануға болатынын айтады.

«Пандемия жағдайында бұл тәсілге бейімделіп қалдық. Кейбір курстарды мүмкіндігінше қашықтан өткізу өте маңызды. Курс өткеннен кейін де педагогтерге қолдау көрсету қажет. Директорларға арналған және цифрлық сауаттылықты арттыру үшін арнайы курстарды жүргізу бойынша тапсырма бердік. Осы жұмысты да белсенді жүргізуіміз керек», деді жиынды қорытындылаған Асхат Аймағамбетов.

 

Соңғы жаңалықтар

Ерлікке толы суреттер

Руханият • Бүгін, 13:05

Киіктердің төлдеу кезеңі басталды

Фотогалерея • Бүгін, 12:07

«Ән» бе, «үн» бе?

Руханият • Бүгін, 08:36

Журналист Қасым

Руханият • Бүгін, 08:34

Сөз сойыл: Әзіл-оспақ

Руханият • Бүгін, 08:32

Далалық өркениет тағылымы

Тарих • Бүгін, 08:23

Балабақшаның жоғынан бары жақсы

Аймақтар • Бүгін, 08:18

Кәсіпке баулу – қасиетті борыш

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Аты-жөнімізге абай болайық

Қоғам • Бүгін, 08:14

Үй ішіндегі үйлесім

Пікір • Бүгін, 08:06

Қой баққан озар...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Халықаралық құжаттар қабылданды

Қазақстан • Бүгін, 07:58

Айсберг ақиқаты

Әдебиет • Кеше

Жоқ кітапты іздеу

Әдебиет • Кеше

Крест-кедергі...

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар