Аймақтар • 20 Сәуір, 2021

Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты

675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты досын өз қолымен өлтірген ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты

Ауыл тұрғыны 2020 жылдың 17 қыркүйегінде кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Іс материалдарына сәйкес, Подстепка ауылының тұрғыны ішімдік бөліспеген досына ренжіп қалған. Танысын кереуетте мас күйінде жатқанын көрген ол ұра жөнелген. Бұдан кейін екі шикі картоп түйнегін алып, ұйықтап жатқан адамның аузына бір-бірден тығындаған. Ер адам механикалық асфиксиядан көз жұмды.

Прокурор айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы мен оның қорғаушысы бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, ақтау үкімін шығаруды сұрады.

– Алайда ер адам дәрменсіз күйде жатқан адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Алқабилердің бірауыздан қабылдаған үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.