Аймақтар • 20 Сәуір, 2021

Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы «жасыл» аймаққа өтетін болса, мамыр айында «Ashyq» жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді

«17 сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сондай-ақ QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылды. Кинотеатрларды қосудың алғашқы күні-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 5 келуші анықталды. Егер Алматы «жасыл» аймаққа өтетін болса, мамыр айында «Ashyq» жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді», дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Садвакас Байғабулов әрбір кәсіпкерлік субъектісіне болашақта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жеке QR кодтары берілгенін атап өтті.

«Мамыр айында біз караокені, сондай-ақ толымдығы 50% -дан аспайтын банкет залдарын қосу туралы мәселені қарастырамыз», дейді ол

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше