Технология • 21 Сәуір, 2021

Көлік құралының электронды паспорты

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылғы 1 сәуірден бас­тап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, Қазақстан аумағында «Көлік құралдарының электронды паспорты» ұлттық жүйесін іске қосты.

Көлік құралының электронды паспорты

Электронды құжат меншік иесінің қалауы бойынша жаңа және әкелінетін автомобильдерге, тіркелген автомобильдерге ресімделетін болады. Осы көлік құралдарын цифрландыру оның өмірлік циклін елімізде ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында да қадағалауға мүмкіндік береді.

Электронды паспорттарда кө­лік құралының техникалық сипат­тамасы, меншік иесі, тіркеу іс-әре­кеттері, шектеулер мен ауырт­палықтар, алымды кәдеге жарату төлемдері туралы, кедендік шектеу­лер мен кедендік тазарту туралы мәліметтер, жол-көлік оқиғалары туралы, техникалық байқаудан өту туралы мәліметтер болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің ай­туынша, цифрлы құжат көлік құралдарын сатудағы алаяқтық жағдайлар санын азайтады. Осылайша, қазіргі және болашақ автокөлік иелері мәмілелерінің қа­уіпсіздігі мен ашықтығын қам­тамасыз етеді. «ЕАЭО ор­талық базасында тексеру есебінен қай­­­таланатын шарап-кодтарды анық­тау мүмкіндігі пайда болады, бұл халықты проблемалы автомобильдерді сатып алудан сақтандыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті ол.

Автомобильді пайдалану кезінде көлік құралының пас­порты өзекті күйде болады және кез келген өзгерістер жүйеде қада­ғаланады. Көлік құралы ту­ралы шынайы ақпараттың бо­луы ЕАЭО-ға қатысушы ел­дер­­дің бүкіл аумағы бойын­ша автокөлік иелері үшін автомо­бильді сату немесе сатып алу про­цесін неғұрлым қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетер жайт, жоба ЕАЭО елдері қол қойған көлік құралы паспортының бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.