Коронавирус • 21 Сәуір, 2021

Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді

766 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 сәуірдегі мәлімет бойынша Қызылорда және Маңғыстау облыстары «қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді

Қазір «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұр.  

Ал «сары» аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстары орналасқан. Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта.