Футбол • 21 Сәуір, 2021

Көш басында – «Манчестер Сити»

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерландтың Euroclubindex.com сайты Еуропаның ең үздік футбол клубтарының рейтингін жариялады. Қазақстандық командалар арасында ең үздік нәтижеге «Астана» қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Көш басында – «Манчестер Сити»

Соңғы рейтингпен салыстырғанда елордалық клуб он сатыға жоғарлап, бұл күндері 230 орынды иеленуде. Қазіргі кезде «Астананың» қоржынында 1780 ұпай бар. «Қайрат» 241 орынды иеленуде. Алматылықтар 1775 ұпайды еншілеуде. Еліміздің өзге командалары мынадай сатыларға жайғасты: «Тобыл» (Қостанай) – 344, «Ордабасы» (Шымкент) – 357, «Жетісу» (Талдықорған) – 453, «Шахтер» (Қарағанды) – 472, «Тараз» - 481, «Қайсар» (Қызылорда) – 486, «Ақтөбе» – 490 және «Қызыл-Жар» (Петропавловск) – 518.  

Ал үздіктер көшін «Манчестер Сити» бастап тұр. Англия Премьер-лигасының фавориті 4277 ұпай жиып отыр. Екінші және үшінші орындарда Мюнхеннің «Бавариясы» (4230 ұпай) мен Каталонияның «Барселонасы» (4056 ұпай).