Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.
Осы жылдың ақпан айында Нұр-сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты, содан соң үйқамақта ұстау мерзімін сәуір айының 30-на дейін тағы созған еді.
Ал наурыз айының соңында бұрынғы бас дәрігердің қорғаушысы Дмитрий Куряченко БАҚ-қа сұхбат беріп, Біртановтің денсаулығы сыр бергенін және оны үйқамақта негізсіз ұстап отырғанын айқтан.
Айта кетейік, өткен жылдың 25 маусымында Мемлекет басшысының жарлығымен Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.
Гаухар ҚАПАШ