Сонымен қатар биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді.
Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болуы ықтимал. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.