«ТДМ пікірталас платформасы және Бизнес» кезекті онлайн-конференциясы шеңберінде Қазақстандағы ТДМ-2030 7-бағыты – «Баршаға арналған арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету» мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тұрақты даму мәселелері бойынша пікірталас алаңында арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етудің мәселелері мен жаңа мүмкіндіктері қаралды.
Қазақстан 7-ші Тұрақты даму мақсатына сәйкес энергетикалық қызметтерге жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз етудегі көшбасшылардың қатарына кіреді. Дегенмен, елде энергиямен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және таза отын түрлері мен технологияларды пайдалану мәселелері әлі реттелмеген. Бүгінде көптеген ауылдарда электрмен жабдықтау жүйесі сенімсіз болып келеді.
ДДҰ-ның 2016 жылғы «Жағу мүмкіндіктері: әйелдер мен балалардың денсаулығы, тұрақты дамуы және әл-ауқаты үшін таза тұрмыстық энергия» баяндамасында қамтылған деректерге сәйкес, Қазақстан халқының 92 пайызы тамақ дайындау үшін негізінен таза отын түрлерін пайдаланса, 1 400 000-нан астамы отынның ластаушы түрлерін, ал 5 пайыз шамасында көмірді тұтынады. Отынның таза түрлеріне жаһандық көшу үшін елімізде елдің газ инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Энергетика министрлігінің деректері бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықты газдандыру деңгейі 49,68 пайызға жеткен. Яғни шамамен 9 млн.адам газ тұтынса былтырғы жылы газдандырудың 60-тан астам жаңа жобасы іске асырылды. Газ генерациясын дамыту шеңберінде көмір ЖЭО-ны табиғи газға ұзақ мерзімді ауыстыру жоспарлануда. Көмірді газ отынымен алмастыру қоршаған ортаға әсер ету деңгейін ғана емес, парниктік газдар шығарындыларын да төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте ірі компаниялардың үлесі де маңызды. «Филип Моррис Қазақстан» техникалық бөлімінің басқарушысы Артур Байболатов тұрақты даму қағидаттары жаһандық және жергілікті деңгейдегі бизнес-стратегияның негізінде жатқанын атап өтті. «Біз басқа экологиялық бастамалармен қатар компанияның энергия тиімділігін арттыру үшін үнемі жұмыс істейміз: әрбір жеке сектор мен жабдықтың энергия тұтынуы туралы білеміз, «қызыл» аймақтарды анықтаймыз және олар үшін оңтайлы шешім табамыз. Бастамалар өндірістің технологиялық процестерін де, жылу оқшаулағышы, «ақылды» жарығы бар тұрмыстық шешімдерді де қамтиды. Соңғы 4 жылда электр энергиясын тұтынуды орта есеппен 16 пайызға дейін қысқарта алдық», деп атап өтті спикер.
Энергетика министрлігінің ЖЭК департаментінің басқарма басшысы Балтуған Тәжмақинаның айтуынша, Энергетика министрлігінің бірінші кезектегі шараларының бірі жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) белсенді дамыту. 2030 жылға қарай Қазақстандағы таза энергия үлесін 6 пайызға дейін арттыру жоспарлануда.
Қазақстанда ЖЭК – енді дамып келе жатқан салы. Қазіргі уақытта республикада 116 ЖЭК 116 объектісі жұмыс істейді. 2050 жылға қарай жаһандық энергетикалық теңгерімдегі ЖЭК жобаларының үлесі 35 пайызға жетеді деп күтілуде. «Алайда, бұл жерде ЖЭК-тің шағын объектілері ортақ базаға енгізілмейтінін ескерген жөн (фермерлік шаруашылықтар, шағын бизнес сияқты), - деп түсіндірді Парламент Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов. Оның айтуынша, бұл мәселені кеңінен талқылау қажет.
Энергетика министрлігі БҰҰДБ-мен бірлесіп, 2017 жылдың соңында Қазақстанда күн энергетикасын жоспарлау және енгізу үшін интерактивті күн атласын іске қосты. Сондай-ақ, «жасыл» қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істейді, оның шеңберінде Қазақстанға $30 млн бөлінді. Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚДБ «жасыл» экономика жобалары бойынша жетекші банкир Майра Қарасаеваның айтуынша: «ЕҚДБ-ның Жасыл қалалар бағдарламасы іске қосылды және былтыр қыркүйекте Алматы өңірі жобаны іске асыруға кірісті».
Конференцияда «Тұрақты дамуға жәрдемдес» орталығының атқарушы директоры Вера Мустафина КТҚ–да биогаз қондырғыларын салу мәселесін қозғады. Оның айтуынша, биогаз-әлеуеті жеткілікті бағаланбаған, төмен баламалы энергия көздерінің бірі. Сонымен қатар, мұндай электр энергиясын өндіру кәсіпорындардың энергия тұтынуын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаңартылатын энергия көздерінің энергетикасындағы биогаздың рөлі үлкен, және ол тек ірі өнеркәсіпте ғана емес. Coca-Cola компаниясы «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ-мен бірлесіп 2 жыл бұрын ауылдағы агробизнесте биогазды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. Жоба экономикалық және экологиялық бағытты көздейді.
Конференцияда сөз сөйлеген ЗТБ Атқарушы директоры Асхат Сүлейменов компания жобасының тиімділігін атап өтті. Экологиялық мақсат қысқы кезеңде Ақмола облысының «Арнасай» ауылы тұрғындарының Есіл өзеніне көңді рұқсатсыз тастауын жою болды. Экономикалық мақсат биогаз қондырғысын пайдалану арқылы сатуға арналған жылыжайларда экологиялық таза өнім өсіру бойынша ауылда өз агробизнесін құру мүмкіндігін көрсете отырып, жергілікті халықты қолдау болды. Нәтижесінде биогаз қондырғысы екі үлкен жылыжайды жылытып, сәтті жұмыс істейді. Қыста көң отын ретінде қолданылады. Жылыжайларда өсірілетін экологиялық таза қияр көрші ауылдарға сатылады, ал «Арнасай» ауылының тұрғындары қосымша табыс табуға мүмкіндік алды.
Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасаған
Қазақстан • Кеше
Қытайдың Иу қаласында үш күндік карантин енгізілді
Коронавирус • Кеше
Қырғызстанда зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді
Әлем • Кеше
Павлодарда жер астынан су атқылады
Аймақтар • Кеше
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттен фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Елордалық оқушыларға 670 млн теңге бөлінеді
Елорда • Кеше
Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды
Елорда • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған
Әлем • Кеше
Тағы 5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылады
Қоғам • Кеше
Алматы облысы Қарасай ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді
Аймақтар • Кеше
Дизельді заңсыз сатқан кәсіпкерге үкім шықты
Қоғам • Кеше
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Кеше
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Кеше
Атырау және Хорезм облыстары өзара тиімді байланысты кеңейтпек
Қазақстан • Кеше
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Кеше
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Кеше
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Кеше
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Кеше
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Кеше
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Кеше
Коронавирус • Кеше
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Кеше
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Теннис • Кеше
Ұқсас жаңалықтар