Қоғам • 21 Сәуір, 2021

БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?

883 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

БЖЗҚ мәліметінше, азаматтардан бүгінде зейнетақы жинақтарын медициналық қызметтерге пайдалануға қатысты 5 518 өтініш түскен, деп хабарлайды Egemen.kz

БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?

Оның ішінде 1 448 адамға жинағын емделуге беруден бас тартты, 3 904 өтініш иесіне ғана өз жинағы есебінен емделу мүмкіндігі берілді. Оларға «Отбасы банкіндегі» арнайы есепшотына небәрі 3 млрд 757 млн теңге аударылды.

Демек, бір адамға  962 мың теңгеден ғана келеді. Тағы 166 өтініш әлі күнге дейін «өңдеуде» жатыр.. Ең көп өтініш Алматы қаласынан (1 099), Нұр-Сұлтан қаласынан (910), сондай-ақ Қарағанды (442) және Атырау (431) облыстарынан келіп түскен.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бала туған аналар тарапынан сұраныс жоғары болса, қағидалардағы тізімге мұны да қосуға дайын екендерін айтқан болатын. Әзірге, оған келісім жоқ. Тек операциядан қалған тыртықтардан арылу бойынша пластикалық операцияларды БЖЗҚ салымы есебінен тегін жасатуға болады.

Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тістерді протездеу, импланттау), үшіншіден, операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ жүргізілген мастэктомиядан кейінгі түзету мақсатында реконструктивтік және қалпына келтіру және пластикалық операциялар кіреді. Тізбеге сонымен қатар, төртіншіден, радионуклидтік және радиойодтерапия, бесіншіден, радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, киберпышақ), алтыншыдан, протон терапиясы, жетіншіден, офтальмологиялық қызметтер (мүйізді коллагеннің кросслинкингі, көзді лазерлік түзету) қосылып отыр.

«Бұл тізбе халықтың сұранысын есепке ала отырып, ары қарай өзгеруі мүмкін», деді Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті. Сарапшылар көш жүре түзеледі деп үміттеніп отыр.