– Берешекті қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру банк секторындағы өзекті мәселе болып қала береді. Бұл бағытта ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру да қаралатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар азаматтар қаржы ұйымдарының басқа банктердегі шоттарда тұрған ақшаны акцептеусіз тәртіппен өндіріп алуына қатысты жүгінуде. Бұдан басқа, бірқатар тұтынушы банк секторы бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіруге немесе банктік қарыз шартының талаптарын Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруге өтініш беруде, – дейді Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.
Оның айтуынша, сақтандыру төлемін жүзеге асырмау да сақтандыру секторындағы ең сұранысқа ие мәселе болып отыр. Бұл ретте осы сектордағы өтініштердің пайызы ең төмен екенін де айта кету керек. Бұдан басқа, сақтандыру шарты талаптарының Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес болуын тексеру туралы бірнеше өтініш келіп түскен.
– Коллекторлық агенттіктерге келсек, ең жиі көтерілетін мәселе – қызметкерлер іс-әрекеттерінің заңсыздығы. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың барлық өтініштері бойынша құжаттамалық тексерулер жүргізілді, өтініш берушілерге ресми жауаптар берілді. Қазір карантин режіміне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті аудиоконференция байланысы арқылы әр сейсенбі және жұма күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды, – деп атап өтті А.Терентьев.
Қабылдауға жазылу үшін қаржы ұйымының толық атауы, өтініштің қысқаша сипаты және міндетті түрде «қабылдауға жазылу» тақырыбын көрсетіп Yermek.Utemisov@finreg.kz электронды поштасына өтініш жолдау қажет.
I тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 6,94 млн теңгені құрайтын 28 әкімшілік жаза қолданылған. Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржы секторындағы жүйелі бұзушылықтарды жою бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырады.