Ал елімізде Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы мұражайға келушілердің саны 2 миллион 351 мыңды құраған. Оның 37,3 пайызы (877,2 мың) – балалар. Былтыр жалпы саны 253 музейде (ол 2019 жылмен салыстырғанда 3 бірлікке өскен) 62 762 экскурсия өткізіліп, тыңдаушыларға 6 972 дәріс оқылған.
Сонымен қатар қорық-мұражайларда 1394 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Негізгі қордағы экспонаттардың жалпы саны 2580,3 мыңды құраса, оның 12,2 пайызы экспонатталған. Сондай-ақ негізгі қорда электронды форматта 1001,1 мың жәдігер бар. Республикалық музейлерде барлығы 4058 көрме ұйымдастырылса, оның жетеуі шетелде өткізілген.