Аймақтар • 22 Сәуір, 2021

Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті

Жалпы салық органдары жеке тұлғаларға 2020 жылға арналған салықты 12,9 млрд теңгеден астам сомаға 564 924 көлікке есептеді.

«Қаламыздың 115 928 тұрғынының жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеден асатын көлік салығы бойынша берешегі бар. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылғы көлік құралдарына салынатын салықты жеке тұлғалар 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі қажет. 2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі», дейді департамент өкілдері.

Мемлекеттік кірістер органдары борышкерлерге қатысты қарызды мәжбүрлеп өндіріп алудың келесі шараларын қолданады:

- қарыз пайда болған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кейін борышкерге салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі;

- хабарлама жеткізілген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кейін (1 АЕК-тен жоғары қарыз төленбеген жағдайда), салық берешегі бойынша салық бұйрығы борышкерге жіберіледі;

- бұйрық борышкерге жеткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кейін материалдар атқару органдарына беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше