Мемлекет басшысының айтуынша, 2019 жылдан бастап бүкіл еліміз бойынша осы мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінуде. Жол құрылысына және оны жөндеуге жергілікті бюджеттен де қаржы жұмсалады. Нәтиже жоқ деп айтуға болады. Жөнделген жолдың көбі бір жыл өтпей жарамсыз болып қалады. Мұны ашық айту керек.
– Мердігерлер өздерінің кепілді міндеттемелерін қалай орындап жатыр? Жалпы, осы жұмысқа ұзақ жылдар бойы тек белгілі бір мердігерлер ғана қатысады. Бұл сұраққа Үкімет жауап беруі керек. Мемлекеттің тапсырысын орындаймын деп келген кез келген мердігердің басты міндеті – сапалы жұмыс. Сондықтан, оларға қойылатын талап та қатаң болуға тиіс, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.