Президент • 22 Сәуір, 2021

Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев

4640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іссапарға шығатын санитарлық-эпидемиялық сала мамандарының қызметіне барлық жағдайды жасауды жүктеймін. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев

«Қазіргі таңда әртүрлі штамдар пайда болып, кеселмен күрес қиындай түсті. Өкінішке қарай, қауіпті дерттің кесірінен ұлтқа берері көп танымал тұлғалардан да айырылып қалып жатырмыз. Бұл – бүкіл еліміз үшін орны толмас қайғы. Мемлекет үшін әр адамның өмірі қымбат. Сондықтан, барша жұртты жауапкершілік танытуға, сақ болуға шақырамын», дейді Қазақстан Президенті.