Аймақтар • 22 Сәуір, 2021

Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирусты жеңудің ең тиімді жолы – вакцина салу екенін үнемі айтып келемін. Бұл туралы Қазақстан Президенті Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты

«Біз қазір халықтың жаппай вакцина алуын ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жұмыста ірі кәсіпорындар басты назарда болуға тиіс. Мұнай компаниялары қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге айрықша мән беріңіздер», дейді Президент.

Одан өзге, Мемлекет басшысы тағы бір мәселе – өңірдегі денсаулық сақтау нысандары ескіргенін баса айтты.

«Үкімет әкімдікпен бірлесіп, көпбейінді аурухана, психикалық денсаулық орталығын және заманауи қалалық емханалар салу мәселесін шешуі керек», дейді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше