22 Сәуір, 2021

Мұздатқыштағы нәресте өлімі: Адвокат сот құрамын өзгертуді талап етті

1122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адвокат жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша сот құрамына қарсылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұздатқыштағы нәресте өлімі: Адвокат сот құрамын өзгертуді талап етті

Бүгін Атырауда перинаталдық орталықта нәрестені мұздатқышқа салып өлтіру ісі бойынша аппелияциялық сот отырысы өтті.

Перинаталдық орталықтың бұрынғы директоры Қуаныш Нысанбаев пен бас акушер-гинеколог Асқар Қайыржанның қорғаушысы аппелияциялық соттың барлық құрамына қарсылық білдірді.

«Аппелияциялық соттың құрамына қарсылық білдірдік. Сондай-ақ бұл істі қараған судья аппелияциялық сот құрамына кірді. Сол себепті бұған келіспейтінімізді білдіріп, соттың барлық құрамын алып тастауды сұрадық. Сонымен қатар, обьектив сақтау үшін бұл істі Атырау облыстық сотынан басқа кез-келген сотқа беруді сұрадық», дейді адвокат.

Еске салайық, сәбидің өлімі туралы іс бойынша перзентхананың бас дәрігері және қылмысқа қатысы бар басқа да қызметкерлер кінәлі деп танылып, түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылыған еді.

Облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Қуаныш Нысамбаев 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға сондай-ақ акушер Жәмилә Күлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қызметкерлер баланы өлі туылды деп тіркеп, оның тірі екені белгілі болғанда құжаттарды қайта рәсімдемей, баланы мәйітхана тоңазытқышына жіберген.

Гаухар ҚАПАШ

Соңғы жаңалықтар