Әлем • 22 Сәуір, 2021

Әуе компаниясы өз қызметі үшін жолаушыдан 770 млн доллар талап еткен

1460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның Qantas әуекомпаниясы жолаушыға ұшақтағы бір қызмет үшін 770 миллион доллардың төлемін шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz

Әуе компаниясы өз қызметі үшін жолаушыдан 770 млн доллар талап еткен

Аустралиялық әзілкеш Дэйв О 'Нил (Dave O' Neil) Мельбурннан Пертке ұшаққа билет алып, базалық тарифке кірмейтін орындық алдындағы кеңейтілген орын қызметін пайдаланғанын. Алайда кейінірек ер адам компанияға 770 миллион доллар қарыз екенін білген.

Бұл туралы әзілкеш өзінің твиттер желісіндегі парақшасында жазды.

Әдетте, әуекомпаниялар мұндай қызмет үшін көп ақы алмайды. Ал ер адамға жоғары бағаның көрсетілуі брондау жүйесіндегі қателікке байланысты болған.