Аймақтар • 23 Сәуір, 2021

Петропавлда есірткі зертханасы анықталды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-да есірткі өндіретін шағын лабораторияның қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Петропавлда есірткі зертханасы анықталды

Ақпан айының басында есірткіні жасырын орынға салмақ болған күдіктілердің бірі ұсталды. Полицейлер тінту кезінде он бес зиплокпен түйіншекті тәркілеген. Сараптама нәтижесінде ең қауіпті синтетикалық «мефедрон» табылды.

Күдіктінің айтуынша, ол бұл жұмысты телеграм желісі арқылы тапқан. Көп ұзамай полиция осы желінің ұйымдастырушысын қолға түсірді. Бірінші ұсталған жігіт тауарды осы кісіден алған. «Сатушының» жалдамалы пәтерінен тәртіп сақшылары есірткі өндіретін шағын зертхана мен дайын өнімді, яғни 160 грамм «синтетиканы» тапты.

– Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Петропавл қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.