Білім • 22 Сәуір, 2021

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінеді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Болашақ» бағдарламасы бойынша осы жылға арналған басым мамандықтар тізбесі академиялық оқуға арналған 80 мамандықты және тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандықты көздейді.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінеді

«Вирусология», «Робототехника», креативті экономикаға байланысты мамандықтар, ғылымдар тоғысындағы түрлі мамандықтар пайда болды. Биыл биотехнологтарға, биологтарға, сондай-ақ вакцинология саласындағы мамандарға көп көңіл бөлінуде. Мамандықтардың 7 блогының ішінен «Инновациялар және жаңа технологиялар» бөлімін ерекше атап өткім келеді. Бұл блокта экономикадағы жаңа салаларды құруға және қолданыстағы салалардағы елеулі прогреске ықпал ететін инновациялық мамандықтарды дайындау бойынша барлық бағыттар біріктірілген», деді білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Бұл тізім мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың өтінімдері негізінде, сондай-ақ елдің еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып әзірленді. Ашықтық мақсатында тізбе арнайы комиссиямен қаралып, бекітілді.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінген болатын. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша бөлінген, ал 500 стипендия «ғалымдар» тағылымдамаларының жаңа санаты бойынша беріледі. Бұл санат Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше