Саясат • 23 Сәуір, 2021

Бастамаларды қолдау алаңы

285 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елордада «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму жолындағы бірлік пен әріптестіктің 30 жылы» тақырыбында әлеуметтік жобалар форумы жұмысын бастады. Форумның ашылуына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты. Жиын аясында екі күн көлемінде еліміздегі азаматтық қоғам мәселелері талқыланбақ.

Бастамаларды қолдау алаңы

Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйым­дас­тырған онлайн-конференцияға қазақстандық және халықаралық танымал спикерлер, коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіп­керлер мен меценаттар, әйгілі бренд-көшбасшылар және БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шараны өткізуге Азаматтық бас­­та­­ма­ларды қолдау орталығы КЕҰ ай­­мақ­­тық қолдау көрсетті. Ал форум­ның бас серіктесі – Eurasian Resources Group.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры аталған іс-шара арқылы қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелерді талқылау мақса­тында әртүрлі бағыттағы ұйымдарды бірік­­тіруге, мемлекет пен КЕҰ ынты­мақ­тастығын нығайтуға ықпал етуді мақсат тұтады.

Форумның бірінші күнінде Нұр­сұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш, Мохаммед Бин Рашид әл-Мактума білім қорының басқарма төрағасы Джамал Бин Ху­вайреб, Eurasian Resources Group (ERG) Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич және басқа спикерлер қатысты.

Форум сессиялары аясында мем­ле­­кеттік органдар мен басқа да ұйым­­дар­­дың экономика, әлеуметтік қорғау, ден­саулық сақтау, білім беру сала­лар­ында өзара іс-әрекеттердің маңызды бағыттары талқыланды. Жыл са­йынғы Әлеуметтік идеялар мен жо­балар жәрмеңкесі аясында КЕҰ ұсы­натын көптеген жобаны талқы­лауға ерекше назар аударылды. Сон­дай жәрмеңкелердің бірі осы жылы Алматы қаласында 14-15 сәуірде өткізілді. Бірінші Әлеуметтік жобалар форумы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жалғасы ретінде ұйымдастырылып отыр.

Форум спикерлері Әлеуметтік идея­лар мен жобалар жәрмеңкесі сияқ­­ты алаңдардың маңыздылығы тура­лы айта келе, мұндай алаңдарда бел­сен­­ді қазақстандықтардың бастамала­ры нақты қолдауға ие болатынын жет­кізді.

Форумды кіріспе сөзімен ашқан Дариға Назарбаева: «Форум ел Тәуел­­­сіздігінің 30 жылдығы мерейтойы аясында өтіп жатыр. Тәуел­­сіз­­дік жылдары Қазақстанда тұрақты әрі қарқынды дамып жатқан үкімет­тік емес ұйымдардың жүйесі қалып­тас­ты. Қоғамды демократияландыру бағдарламасы ҮЕҰ жүйесін дамы­туға айтарлықтай серпін берді. Мұны еліміздің Тұңғыш Президенті 1998 жылғы Қазақстан халқына Жол­да­уында айтқан болатын. Елбасы азамат­тық қоғам құруда ҮЕҰ рөлін күшейту – тәуелсіз Қазақстанның демократиялануы мен дамуының басты элементі екенін атаған. Сірә, Қазақстанның үшінші секторының қызметі үнемі зерттеуді қажет етсе керек. Бұл үшін жүйелеу, жан-жақты насихаттау мен озық тәжірибені қолдану қажет. Әлеуметтік жобалар форумы өзара тығыз қарым-қатынас жасаудың тұрақты алаңы бола алады. Бүгінгі форум Нұрсұлтан Назарбаев қорының әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жалғасы іспетті. Қор бұл шараны Елбасының бастамасымен 2008 жылдан бері өткізіп келеді. Содан бері жәрмеңкеге 15000-нан астам түрлі ұйым қатысқан. 303 жоба қордың қолдауына ие болып, грант иеленді», деді.  

Расында да, 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жәрмеңкенің әр жылы жаңа жобаларды жүзеге асырумен қатар келеді. Мысалы, «Другая жизнь» қоғамдық қоры жәрмеңкеде жеңіске жетіп Талдықорған қаласын­да аутист балаларға арналған сенсор­лық көмек кабинетін ашты. Ал «Ан­гел» қоғамдық бірлестігі «Паке­там нет!» экологиялық акциясын ұйым­дастырып, қоршаған ортаны полиэтилен қапшықтармен ластау мәселесін шешуге Атбасар ауданындағы 12 000-нан астам тұрғынның атсалысуына мүмкіндік берді.

Қор директорының айтуын­ша, биыл ұсынылған жобалардың са­ны рекорд­тық деңгейге жеткен – 221. Өтініш­тердің көбі Алматы қала­сынан (35), Алматы (30), Қостанай (18), Павло­дар (17) және Шығыс Қазақ­стан (16) облыстарынан келген. «221 жоба­ның ішінен ең маңызды деген 50 жоба­ны таңдап алған байқау комис­сиясы­ның жұмысы оңай болған жоқ. Жоба­ларды таңдағанда, олар­дың маңыз­дылығы, тұрақтылығы, әлеу­меттік әсері, жаңашылдығы және ақпа­раттық жағынан ашықтығы ескерілді», деді Дариға Назарбаева.

23 сәуір, Әлеуметтік жобалар фо­румының екінші күнінде Нұрсұлтан Назарбаев қорының гранты кімге бері­летіні мәлім болады. Ал форум спи­керлері мемлекет пен КЕҰ ынты­мақ­­тас­тығының тиімді мысалдарын келтіре отырып, осы тараптар арасын­дағы өзара іс-әрекетті әрі қарай да қа­лып­тастыру керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00