Руханият • 23 Сәуір, 2021

Қайырымды істер марафоны жалғасуда

525 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биылғы ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жоба­сының аясында қазақстандықтар өткен аптада 600-ден астам акция мен қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Күн сайын бүкіл ел бойынша белсенді азаматтар мұқтаж адамдарға көмектесіп, айналасындағыларға жағымды эмоциялар сыйлауда.

Қайырымды істер марафоны жалғасуда

Мысалы, Шымкент қала­сын­дағы Кеңес Одағының Ба­тыры Сабыр Рахимов атын­дағы «Жас ұлан» респуб­ли­калық мектебінің курсанттары 58 бала тәрбие­леніп жатқан №3 балалар үйінде сенбілік өткізді. Кур­санттар балалармен бірге таңертеңгілік жаттығу жасап, мекеменің аумағын тазалап, абаттандырды. «Біз ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балалардың білім алуына және дамуына үнемі өз үлесімізді қосуға тыры­самыз», деді Шымкент қала­сындағы «Жас ұлан» рес­­публикалық мектебінің бас­тығы, полковник Ғазиз Төлеу­шев. Айта кету керек, «Жас ұлан» мектебі мен бала­лар үйінің арасындағы дос­тық қатынас бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Дәс­түр бойынша жыл сайын әс­кери мектептің әскери қызмет­ші­лері мекемеге қолдан келгенше көмек көрсетеді.

Жамбыл облысында Қазақ­стан халқы Ассамблея­сы Аналар кеңесінің бас­тама­­сымен «Ізгілік айы» қайы­рымдылық іс-шаралар циклі жалғасуда. Халықтың осал топтарынан, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық акциясын ЕАЭО «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құ­қықтық орталығы және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қолдады. Облыстық Ассам­б­лея жанындағы Ана­лар ке­ңесінің өкілі Лола Дав­латова жоғарыда аталған қайы­рым­дылық ұйымдарының көме­гімен 44 балаға көмек көр­сет­кен­дерін атап өтті. «Әр балаға 200 мың теңгенің оқу құралдары мен жеке гигие­на заттарын, яғни күн­делік­ті мектеп және спорт киімдеріне арналған сөм­келер таратылды», дейді ассамб­лея өкілі. Сонымен қатар «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құ­қықтық орталығы балалар мен ата-аналардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесуде. Ак­цияны ұйымдастырушылар «Ізгілік айы» қайырымдылық іс-шаралар циклі Рамазан айының соңына дейін жалға­сатынын айтады.

Ал Батыс Қазақстан облы­сында Бөкей орда ауданы­ның Мұратсай ауылында А.Құ­сайынов атындағы мек­теп­тің 2001 жылғы түлек­тері жал­ғызбасты ана Қани­са Мұса­­ғалиеваға баспа­на сыйлады. «Екі балам бар, екеуі де бас­­тауыш сыныпта оқиды. Өзі­міз­дің баспана­мыз жоқ еді. Қам­қор адамдар­дың ар­қасында шағын отбасы­мызға жарамды үйіміз пайда болды. Мұқтаж жандардың тағды­рына бей-жай қарамайтын барша адамдарға тағы да алғыс айтқым келеді», деді Қаниса Мұсағалиева.

Солтүстік Қазақстан облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өңірлік филиалының қызметкерлері қараусыз қал­ған жануарларға баспана ұсынатын «Белый Бим» мекемесіне көмек жасады. Ерік­тілердің қаражатына салынған баспанада 400-ден астам ит бар. Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері 60 кило құрғақ жем, 20 кило жарма ботқасы мен шынжыр, қарғыбау, карабин сияқты керек-жарақтарын апарып берді. «Біз әлеуметтік желідегі «Белый Бим» мекемесінің көмек сұраған үндеуіне үн қосу керек деп шештік. Осы мекемеге тұрақты көмектесіп жүрген еріктілердің бірі – біздің әріптесіміз. Сатып алған зат­тарды сол адам арқылы бе­ріп жібердік. Біз алдағы уақыт­та да осы ұйымға көмектесе береміз» дейді  филиалдың HR-менеджері Ермек Жакин.

Еске сала кетейік, «Қа­йы­­рымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айын­да Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­та­масымен Қазақ­стан Тәуел­сіздігінің 30 жыл­дығын мерекелеу аясында басталған болатын. Жобаның ең ма­ңыз­ды міндеттерінің бірі – қайы­рымды азаматтар мен ұйымдардың басын қосып, қоғам өмірін жақсы жағына өзгертуге мүмкіндік беретін жомарттық пен мейірімділік идеясына негізделген қо­ғам­дас­тықты бірге құру. Ма­ра­фонға кез келген адам #қайы­рымды істер марафоны #мара­фон­добрыхдел ресми хэш­тег­тері бойынша әлеу­меттік же­ліде өз игі іс­тері­­мен бө­лісу арқылы қосы­ла алады. Бар­лық ұйымдас­тыру­шылық сұ­рақ­­тары бойынша үй­лес­ті­ру­­­шілермен +7 7172 22 12 24 те­­ле­фон нөмірі бойын­ша не­месе инста­грам­дағы @qaiyrymdy_ister_marafony ак­каунты арқылы байланыса аласыздар.