«Репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша жобаны іске асыру басталғаннан бері кеңес беруге арналған 8 800 004 05 40 бірыңғай телефон жедел желісі жұмысын бастады», деді Н.Клюжина.
Жоба іске қосылғаннан бері 134 адам көмек сұраған, оның 57-сі жедел желі телефоны бойынша және 77 адам қоғамдық бірлестік сайты арқылы жүгінген. Хабарласқандардың 53%-ы – 13-тен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 36%-ы – 17-ден 22 жасқа дейінгі жастар. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысты.
«Репродуктивті денсаулық тақырыбы бойынша жастарды хабардар ету маңызды. Осы мәселеге байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Жастар және отбасы істері комитеті осындай сұраныспен грант бөлуге бастама көтерді. Біз бұл жобаны жүзеге асыруға көмектесеміз. Себебі алдағы мақсаттардың маңыздылығын түсінеміз», деді Ш.Байманов.
Баспасөз конференциясы барысында өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда жас аналар мен жүкті әйелдерге емшек сүтінің маңыздылығы мен бірегейлігі, босанғаннан кейін қалпына келтіру дағдыларына үйрету мәселелері бойынша марафон жоспарланғаны белгілі болды. Сондай-ақ репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша мамандарды тарту жұмыстары басталды. Мысалы, 16 сәуірде 20 мектепте 9-11 сыныптардың 100 оқушысына және екі колледж студенттері үшін жоба сарапшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, акушер-гинеколог Жанерке Ажетова алғашқы онлайн сабақ өткізді.
Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.