Оқиға • 23 Сәуір, 2021

«Хайлайт» сынында бет қаратпады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Татарстанның астанасы Қазан қаласында әртістік жүзуден өткен әлемдік серияның үшінші кезеңінде Қарағандының жас спортшылары тамаша өнер көрсетіп, үздік нәтиежелерге қол жеткізді.

«Хайлайт» сынында бет қаратпады

Әлемнің 12 елінің үздік командалары қатысқан бұл жарыста құрамында Екатерина Симонова, Елена Крылова, Наргиз Болатова, Ксения Ма­карова, Этери Какутиа және Арина Мясникова бар ұжым «хайлайт» сынында үздік шы­ғып, чемпион атанды. Сондай-ақ дәл осы құрамда олар тех­никалық бағдарлама бойынша қола медальға ие болды.

Еске сала кетсек, «хайлайт» деп аталатын жаңа сын FINA техникалық кон­гре­сінің шешімі бойынша 2017 жылдан бастап әртіс­тік жүзу жарыстарының бағ­дарламасына енгізілген бо­латын. Былайша айтқанда, са­йыс­тың бұл түрін «су акробатикасы» деп те атауға болады.

Сонымен қатар аталған жарыста қарағандылық жұп – Каролина Иванова мен Виктор Друзин дуэті тех­ни­калық бағдарламада қола жүлдені қанағат етті.

Әлемдік деңгейдегі до­дада толайым табысқа қол жеткізген спортшылар – об­лыстық олим­пиадалық ре­зерв­тің мамандан­дырылған жүзу спорт мекте­бінің тәр­­­биеленушілері. Тек ара­­ла-

рындағы Виктор Дру­зин Қа­рағандыдағы Әлия Мол­дағұлова атындағы спорт­­тағы дарынды бала­ларға ар­­нал­ған мектеп-интер­нат-кол­ледж­де оқиды.

 

Қарағанды облысы