«Aport Mall-ға бомба қойылды деп жатыр, адамдар эвакуацияланды», дейді куәгерлер.
Алматы облыстық полиция департаменті жағдайға түсінік берді.
«23 сәуірде шамамен 10:00 кезінде Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне «Aport Mall» сауда және ойын-сауық орталық аумағына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қазір барлық шұғыл тексеру қызметі мен іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Аумақ қоршалып, орталықтың қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілді», деп хабарлады ПД өкілдері.
Айта кетейік, бүгін Алматыдағы сауда орталығының бірінде бомба қойылды деген ақпарат тараған болатын.
Гаухар ҚАПАШ