Коронавирус • 23 Сәуір, 2021

Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл

1600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гам-Ковид-Вак (Спутник V) вакцинасы мен Qaz-Vac қазақстандық вакцинасы ауруды қоздыра алмайды, өйткені олар жансыз вакциналар. Бұл туралы ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл

«Егер вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін адам КВИ-мен ауырмаса, екінші компонентін 2 аптадан кейін алуға болады.  Гам-Ковид-Вак (Спутник V) вакциналары мен Qaz-Vac қазақстандық вакцинасы ауруды қоздыра алмайды, өйткені олар жансыз вакциналар. Республикада КВИ-ға қарсы егілгендер арасында иммундаудан кейін елеулі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ», деді Манар Смағұл.

Оның айтуынша,  егілгендердің жалпы санының 0,4%-ында қызару, инъекция орнындағы ауырсыну, температураның жоғарылауы, артериялық қысымның қысқа мерзімді жоғарылауы сияқты реакциялар тіркеледі, олар бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35