Спорт • 24 Сәуір, 2021

Отандасымыз Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі

Құрлықтық біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Бүгін аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Рахат Бекболат пен Артем Антропов қатысты.
Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 390 (168+222) келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Ал 386 (173+213) келіні көтерген Рахат Бекболат жарыста бесінші орынды қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар