24 Сәуір, 2021

Тағы бір әскери тікұшақ апатқа ұшырады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зимбабведе Актур елді мекені маңында Әскери әуе күштерінің (ӘӘК) тікұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты және екеуі зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz iHarare порталына сілтеме жасап.

Тағы бір әскери тікұшақ апатқа ұшырады

«Тікұшақ тура тұрғын үйдің үстіне құлаған, өкінішке орай апат салдарынан екі ұшқыш және техникалық маман мерт болды», деп жазады басылым.

Тікұшақ оқу-жаттығу жүргізу кезінде апатқа ұшырағаны хабарланады. Оқыс оқиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар