Жапонияның оңтүстік-батысында орналасқан Сакурадзима жанартауы жексенбі күні атқылаған. Ол аспанға биіктігі 2,3 шақырымға дейін жететін түтін мен күл шашты. Пирокластик ағын кратерден шамамен 1,8 шақырым жерде орналасқан ауданға дейін жеткен.
Осыған байланысты, метеорологиялық басқарма жанартаудың маңында жүруге тыйым салынған аймақты 2 шақырымнан 2,4 шақырымға дейін кеңейтті, бұл ретте қауіптіліктің деңгейі өзгеріссіз – бес балдық шкала бойынша үш балл болып қалған.