«Ибн әл-Хатыб ауруханасындағы өрт 82 адамның өмірін жалмады, 110 адам, оның ішінде пациенттер де, аурухана қызметкерлері де зардап шеккен. Жарақаттанғандардың арасында жағдайы өте ауыр адамдар да бар», делінген ресми өкілдің мәлімдемесінде.
Бұған дейін сенбінің кешінде Бағдат қаласындағы коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған ауруханадан өрт шығып, салдарынан 45 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.