Біреудің тасбауырлығынан түңілгенде айтылған бұл сөз халықтың көкейіндегісін дөп басқан соң, мәтелге айналып кеткен. Оны қазір көбіне үлкенді-кішілі шенеуніктерге қарата айтатын болдық.

Үкімет бекіткен «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жаңадан Бәйтерек ауылы бой көтеріп, оған шет мемлекеттерден көшіп келген қандастар қоныстандырылды. Мұндағы 140 үйден шыққан 320 оқушыны үш шақырымдай жердегі аудан орталығы – Бескөл ауылындағы мектептерге автобуспен тасымалдап оқыту ұйымдастырылды. Бірақ мұның өзі де Қызылжар өңірінің қатты аязды күндерінде бұғанасы бекімеген балдырғандардың денсаулығына теріс әсерін тигізбей қоймасы анық еді. Сол себепті ата-аналар Бәйтеректе орта мектеп салу қажеттігін айтып, аудан мен облыс басшыларына талай рет шағынған. Алайда олар жергілікті бюджетте қаржы жетіспейтіндігіне байланысты мәселені ел қазынасы есебінен шешуге уәде бергенімен, іс жүзінде дәрменсіздік танытқан.
Арада өткен бес жыл ішінде өңірдің екі әкімі ауысып, үшіншісі болып Ерік Сұлтанов (қазір Парламент Сенатының депутаты) келген-ді. Бәйтеректіктер өз мұқтаждығын оған да жеткізген. Ол да әуелі мәселені республикалық бюджет есебінен шешуге күш салып көргенімен, онысынан еш нәтиже шықпаған соң, ойлана келе, 300 оқушыға арналған орта мектепті облыстық бюджет қаржысы есебінен салуды ұйғарды. Сөйтіп субвенциялық өңірдің әр салаға бөлінген санаулы қаржысын барынша оңтайландыру арқылы 900 миллион теңгедей қаржы тауып, бас-аяғы бір жылдың ішінде бәйтеректік оқушыларға тамаша білім ордасын салғызып берді.
Осыған ұқсас жайт Қызылорда облысында болды. Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі үш мектептің үшеуі де темір жол қақ жарып өтетін осы елді мекеннің бір-ақ жағында орналасқандықтан, екінші жағында тұратын 360 оқушы сабаққа бару үшін күн сайын бастарын бәйгеге тігіп, пойыздар әрлі-берлі жүйткіп жүрген 13 рельсті басып өтеді екен. Ата-аналардың осыған алаңдаушылығын ескерген
аудан басшылары кенттің екінші бөлігінде тұратын оқушыларға арнап 300 орындық мектеп салу үшін қажетті жобалық-сметалық құжаттаманы дайындатқан. Бірақ оны қаржыландыру мәселесін шешу созбаққа салынған. Тіпті сексеуілдік сайлаушылардың өтінішіне қарай Парламент депутаттары өңір басшысына жазған хатқа «Сексеуіл кентінде жаңа мектеп салу мәселесі алдағы уақытта облыстық бюджеттің мүмкіндігіне қарай қарастырылады» деген «сырғытпа» жауап қайтарылған. Тек сексеуілдіктердің жанайқайы жайлы «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде жарияланған сыни мақалаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, Қызылорда облысының бұрынғы әкіміне тиісті тапсырма берген соң ғана мәселе оң шешімін тапты.
Тағы бір мысал: еліміз тәуелсіздік алғалы шекара маңындағы көптеген елді мекен тұрғындары Қазақ радиосының хабарларын тыңдай алмай, көршілес елдердің радиоарналарына құлақ түруге мәжбүр екендіктерін айтып, шағымданып келді. Осы жөнінде Парламент депутаттары Үкімет пен тиісті мемлекеттік органға талай мәрте депутаттық сауал жолдағаны да мәлім. Оларға берілген жауаптардың тоқетері мынадай еді: «Қорғаныс ведомствосы Қазақ радиосының хабар тарату аумағын кеңейту үшін бос радиожиілік жоқтығын мәлімдеуіне байланысты бұл мәселені шешу әзірге мүмкін емес». Ал осы, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты проблемаға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айрықша мән беріп, табандылықпен айналысқандықтан, «жоқ» делініп келген радиожиіліктер аяқ астынан «табылған» болып шықты. Нәтижесінде, биылдан бастап 2024 жылға дейін Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы 400-ден астам елді мекенінде тұратын 630 мыңнан астам адам отандық радиоарналардың хабарларын тыңдауға мүмкіндік алып отыр.
Осындай мысалдарға қарап: «Кез келген азаматты биік лауазымға тағайындағанда ең алдымен оның бойында халыққа шынайы жанашырлық бар-жоғын білу қажет-ау», деген ой түйесің. Жалпы, мемлекеттік қызметші атаулыға қойылатын басты талап та осы болуға тиіс-ау. Өйткені, ондай адами қасиет дарымаған шенеунік өзіне жұрт аманаттаған мәселені шешуде табандылық танытып жарытпасы анық. Мемлекеттік органдардағы бюрократтық безбүйректік «дертінің» түп-тамыры да осында шығар.
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар