Оқиға • 26 Сәуір, 2021

Көгалдандыруға қатысты

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары елордамызды көгалдандыруға өз үлестерін қосып, қарағай, балқарағай, емен, ирга және шегіршін көшеттерін отырғызды, деп хабарлады Палатаның баспасөз қызметі.

Көгалдандыруға қатысты

 

Айта кету керек, Мәжіліс депутаттары дәстүрлі түрде көктемгі және күзгі экологиялық акцияларға белсене қатысып, өздерінің заң шығарушылық жұмыстарында да экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше мән береді.

Депутаттар жасыл желектерді отырғызу – қала тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға, сондай-ақ экологиялық мә­дениет­ті арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын экологиялық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін игі іс екенін айтты.

Сонымен қатар экологиялық акцияға Мәжіліс депутаттарымен қатар, Палатаның аппарат қызметкерлері де қатысты.