Теннис • 26 Сәуір, 2021

Сербиядағы сәттілік

6 рет көрсетілді

Қазақстандық теннисші Зара Дәркен Сербия астанасы – Белградта өткен үшінші санаттағы Tennis Europe 14&U халықаралық турнирінде топ жарды.

Қазақстан Теннис федерациясы таратқан мәлімет бойынша жерлесіміз жекелей және жұптық сында да үздік шықты. Зара Дәркен бастапқы бәсекелерде сербиялық Ива Ковашевичті екі сетте 6:0, 6:0 есебімен тас-талқанын шығарса, екінші айналымда тағы бір сербиялық теннисші Александра Джокичтен басым түсті – 6:1, 6:3. Ширек финалда Стела Дзимовичті, жартылай финалда босниялық Лана Петковичті айқын басымдықпен тізе бүктірген отандасымыз финалда корт иесі сербиялық Петра Коньикушичпен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, Зара маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Соның екеуі оның жұптық сындағы табысы еді.

Сонымен қатар З.Дәркен кеше осы жарыс­та германиялық Настасия Нестеровичпен бірге жұптық сында да жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.

Соңғы жаңалықтар

Atmaca зымыраны сынақтан сәтті өтті

Технология • Бүгін, 18:35

Доллар қайтадан қымбаттады

Қаржы • Бүгін, 15:00

Ұқсас жаңалықтар