Футбол • 26 Сәуір, 2021

Косовомен жолдастық матч өткізеді

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масы 1-10 маусым аралығындағы ФИФА-ның ресми күндері аясында Косово футболшыларымен жолдастық матч өткізу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.

Косовомен жолдастық матч өткізеді

«Қазақстан мен Косовоның футбол федерациялары арасында жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге қол қойылды. Матч 4 маусым күні Косово астанасы – Приштина қаласындағы «Фадиль Вокри» стадионында өтеді. 2016 жылдың мамырында ресми түрде УЕФА мен ФИФА-ның мүшелігіне қабылданған Косово құрамасы қазіргі таңда ФИФА рейтингінде 120-орында тұр. Косово – біздің құраманың тарихында 69-шы, ал Еуропа елдерінің ішінде 40-шы қарсылас болмақ», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Косово құрамасын 2018 жылдан бастап швейцариялық маман Бернар Шалланд жаттықтырады.