Жеңіл атлетика • 26 Сәуір, 2021

Түркияда жүлделі болды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл атлетикадан Түркияда халық­аралық турнирге қатысқан Қазақстан құрамасының спортшылары елге табысты оралды. Жерлестеріміз екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

Түркияда жүлделі болды

Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша 100 және 400 метрге жүгіруде отан­дастарымыздан Римма Кашафутдинова мен Аделина Ахметова алдына жан салмады. Аталған қашықтықты бірінші болып жүгіріп өткен екі спортшымыз тұғырдың биік сатысынан көрінді.

200 метрге жүгіруде бақ сынаған Диана Нүсіпбекова мен Виталий Зевс мәреге екін­ші жетіп, байрақты бәсекенің күміс жүл­дегерлері қатарынан көрінді. Өкінішке қарай, Вячеслав Зевс (400 м) пен Владислав Гри­горьев (100 м) қола жүлдеге сынық сүйем қал­ғанда қарсыластарына жол беріп, бұл сында жарысты төртінші орынмен аяқ­тады.