Медицина • 26 Сәуір, 2021

«СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты алғашқы сот отырысы басталды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елорданың Есіл аудандық сотында «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

«СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты алғашқы сот отырысы басталды

Судья Қанат Дүйсембиев экс-басшы Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 4 бөлімі, 3-тармағы (Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану) және 287-бабы (Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қаралып жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 9 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СК-Фармация» ЖШС-нің экс-басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлаған.

Ал 21 сәуір күні сот «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс бойынша алдын ала тыңдауда айыпталушыны қамаудан босатудан бас тартты.

Қаңтарда Берік Шәріпке қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылғандығы туралы хабарланған, бірақ кейінірек іс салақтық бабы бойынша қайта қарастырылды. Яғни лауазымды тұлғаның өз қызметіне ұқыпсыз қарауы, адалдық танытпауы бойынша.

Еске салайық, өткен жылдың 10 шілдесінде «СҚ-Фармация» Басқарма Төрағасы Берік Шәріп қызметінен босатылған болатын. Ол төрағалық қызметке 3 ай уақыт бұрын ғана келген еді. Артынша 14 тамызда  басқарманың бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталды.