Әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 23-орыннан 22-сатыға, ал Зарина Диас 90-нан 89-орынға көтерілді. Юлия Путинцева болса, рейтингтегі орнын сақтап қалды. Ол ТОП-30 теннисшінің қатарында тұр. WTA рейтингінде бірінші орынды аустралиялық Эшли Барти әлі де ешкімге бермей келеді.
Ерлер арасындағы рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 42-орыннан 43-ке, Дмитрий Попко бір сатыға төмендеп, 182-ші межеге тұрақтады. Ал Михаил Кукушкин екі орынға жоғарылап, 104-сатыға жайғасты. ATP рейтингінде сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр.