Фото: Тұрар Қазанғапов
«Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді», делінген жарлық жобасында.
Қосшы ауылы – Целиноград ауданының аумағында орналасқан ауыл. Жалпы көлемі - 2413 гектар. Аудандық орталығы Ақмолға дейінгі арақашықтық 36 шақырым. Көше-жол желісінің ұзындығы - 185 шақырым (асфальт - 34,4 шақырым) (қиыршықтас-шағылтас жабынымен - 50 шақырым, қара жол - 98,6 шақырым). Шаруашылық кітабы бойынша халық саны - 50 600 адам.
Жоба 13 мамырға дейін ашық талқыланады. Оған мана жерде қатысуға болады.