Оқиға • 27 Сәуір, 2021

Нұра өзенінен әйел адамның мәйіті табылды

1017 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Нұра ауданында су тасқыны кезінде жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменовты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жақында Нұра өзенінен сүңгуірлер белгісіз әйелдің мәйітін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұра өзенінен әйел адамның мәйіті табылды

«Іздеу шаралары кезінде қалдықтар табылды. Олар полицияға тапсырылды», деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Қарағанды облысының полиция департаментіндегілер де мәйіттің табылғанын растады.

«Іздестіру жұмыстары кезінде расымен әйел адамның денесі табылды. Қазіргі таңда барлық қажет сараптама тағайындалды. Марқұмның кім екенін анықтап жатырмыз», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз өкілі.

Нұра ауданы тұрғындарының сөзіне сүйенсек, марқұмның денесі суда ұзақ жатқан көрінеді.

Бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Сүлейменовтың туыстары күтпеген мәлімдеме жасаған еді. Олар кәсіпкердің суға батып кеткеніне күмәнмен қарайды. Жақындары белгісіз біреулер кәсіпкерді ұрлап, қылмысын жасыру үшін көлікті суға батырған деп санайды. Сондықтан оны судан ғана емес құрлықтан да іздеуді сұрап отыр.